29 қыркүйек 2017 13:22

Қазнетте шымкенттік қыздар жайлы "Зың-зың" әні хит болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда Шымкенттің қыздары жайлы ән үлкен танымалдыққа ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда Шымкенттің қыздары жайлы ән үлкен танымалдыққа ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Зың-зың" немесе "Шымкенттің қыздары әнінде Шымкенттегі қыздардың сұлулығы жайлы айтылады. Бірақ әннің нақты қашан жазылғаны белгісіз, алайда бұл ән бірнеше аптаның ішінде хитке айналды.

Ән Jokeasses вайнерлерінің клипінен кейін танымал бола бастады. YouTube хостингіндегі роликті 4 күнде 146 мың адам көрген. Ал Instagram желісіндегі дәл осы ролик 400 мың рет қаралған. Jokeasses өкілдерінің айтуынша, өлеңнің авторы олар емес.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Хит болған әннің авторлары Zhonti мен NN-Beka екені белгілі болды. Бірақ, өкінішке қарай, олармен байланысқа шығу мүмкін болмады.

Қолданушылардың айтуынша, осы хит рэпер LL Cool J мен Дженнифер Лопестің 2006 жылы шыққан Control Myself әніне ұқсайды.

Вайнер Nagimuwaa да осы әнге клип түсірген екен. Оның Instagram желісіндегі парақшасынжа жариялаған ролигі жарты миллионнан аса көрілім жинаған.

Әлеуметтік желі қолданушылары әлі күнге дейін хитке айналған әнге қатысты видеолар жариялап жатыр. Қазақстандықтар тіпті ең күлкілі клиптерден жинақ жасап жатыр. Осыған қарағанда, ән қазақстандық тойларда да орындалып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети