26 желтоқсан 2018 | 09:47

Кедей отбасынан шыққан баланың мұғалімге жасаған сыйлығы желі қолданушыларын сүйсіндірді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бастауыш сынып мұғалімі Рейчел Уретцки-Пратт Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жағдайы төмен отбасында тұратын оқушысынан алған жүрек тебірентер сыйлығы жайлы жазды, - деп хабарлайды USA Today тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Бастауыш сынып мұғалімі Рейчел Уретцки-Пратт Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жағдайы төмен отбасында тұратын оқушысынан алған жүрек тебірентер сыйлығы жайлы жазды, - деп хабарлайды USA Today тілшісі. 

Уретцки-Пратт тосынсыйды демалыстың алдындағы соңғы оқу күнінде алған. Әдетте бұл күндері оқушылар мұғаліміне кішігірім базарлық сыйлайды екен. Оқушыларының бірі мектепте тегін берілетін қауызының ішінен тәтті зефирге толы қалташа жинап берген. 

"Бұл бала маған қатты бір нәрсе сыйлағысы келген, бірақ қолында ештеңе болмаған", - дейді мұғалім. 

Тарту әйелді қатты тебіренткен. "Өзіңізде бар нәрсеге және берілген сыйлыққа ризашылық білдіріңіз. Мұның барлығы шын жүректен келеді", - дейді ол. 

Оқушы берген сыйлықтың суреті 120 репост жинап, баланың қылығына сүйсінген мыңдаған пікір түскен. "Баға жетпес сый", - дейді әйел. 

Бала ересектерге нағыз сыйдың қандай болатынын жеткізе алды делінген пікірлерде. "Бұл сенің нені алғаның емес, не себептен алғаның", - дейді Джулз Сехлер. Ал кейбірі сыйлықтың жаңажылдық көңіл-күймен, жәй ғана саған мейірімін төгетін адамды қуанту үшін берілгенін айтады. 

Мұның алдында оқушы қыздың жазбасы желі қолданушыларының назарын аударған. Ол жол-көлік оқиғасында көлігі зақымданған ер адамға қолдау көрсетіп хат жазып, мектеп жүргізушісінің абайсыздығына кешірім сұраған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети