11 наурыз 2016 12:53

Кетчуп жағылған манекен Көкшетау тұрғындарын шошытты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Hmmlife.com © Hmmlife.com

Көкшетау тұрғындары үстіне кетчуп жағылған манекенді адамның қолы деп ойлап, қатты шошынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Көкшетау тұрғындары үстіне кетчуп жағылған манекенді адамның қолы деп ойлап, қатты шошынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таңнан бері Көкшетау тұрғындары қаладағы үйлердің бірінен адамның кесілген қолы табылғандығы туралы ақпаратты бөлісіп жатыр. Тұрғындардың айтуынша, ғимарат ауласында шыққан дүрбелеңнен адамдар қорқып кеткен. Дегенмен, Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі жоққа шығарды. Табылған дене адамның қолы емес, манекеннің бір бөлігі болып шықты. Кетчуп жағылғандықтан, тұрғындар оны адамның қолы деп ойлап қалған. Мұндай әрекетке кімнің барғаны әзірше белгісіз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети