Клиентке таласқан қытайлық жұмысшылар бульдозерлермен айқасты

19 Сәуір 2016, 09:56
0
Клиентке таласқан қытайлық жұмысшылар бульдозерлермен айқасты - © Youtube.com
© Youtube.com

Қытайдың Хэбэй провинциясында күлкілі оқиға болды. Құрылыс компаниясының жұмысшылары клиентке таласып, бульдозер арқылы бір-бірімен шайқасты, - деп хабарлайды CCTV.

Оқиға 17 сәуір күні Синтан уездінде болған. Шайқастың салдарынан бірнеше адам жарақаттанып, кемінде екі көлік аударылып қалды.

Басылымның мәліметінше, жанжалға бәсекелес екі құрылыс компаниясының жұмысшыларының бір клиентке таласуы себеп болған. Қазір осы дерек бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай