Кобра шаққаннан кейін 45 минут ән салған әнші сахнада қайтыс болды

07 Сәуір 2016, 06:49
0
Кобра шаққаннан кейін 45 минут ән салған әнші сахнада қайтыс болды - © news.detik.com
© news.detik.com

Индонезиялық әнші король кобрасы шаққаннан кейін 45 минут ән салып, сахнада қайтыс болды, - деп хабарлайды The Mirror.

Қайғылы оқиға 3 сәуірде Батыс Ява провинциясында болды. Жыландармен шоу жасаумен танылған 29 жастағы Ирма Бьюл концерт кезінде байқаусызда король кобрасының құйрығын басып кетеді, кейін жылан оның санынан шағып алады. Бұл оқиғаны тыңдармандар видеоға түсіріп алған.

Бьюл жыланның шаққанына қарамастан 45 минут бойы ән салған, кейін оның жүрегі айнып, қол-аяқтары тартыла бастап, сахнада құлап түскен. Әнші ауруханаға жеткезілгенде, дәрігерлер оның өлімін тіркеген. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай