11 қаңтар 2017 09:48

Көкейтесті: Режиссер уақытша тіркеу туралы күлкілі ролик түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook © facebook

Қазақстандық жас режиссер Мирас Төлеухан қысқа да күлкілі ролик түсірді. Бұл видеода Қазақстандағы уақытша тіркеуге байланысты жағдай берілген. Автор роликті Facebook желісіндегі парақшасына орналастырып, видеоға "Көкейкесті" ("О Злободневном") деп ат қойған. 


Қазақстандық жас режиссер Мирас Төлеухан қысқа да күлкілі ролик түсірді. Бұл видеода Қазақстандағы уақытша тіркеуге байланысты жағдай берілген. Автор роликті Facebook желісіндегі парақшасына орналастырып, видеоға "Көкейкесті" ("О Злободневном") деп ат қойған. 

Tengrinews.kz тілшісімен әңгіме барысында режиссер мұндай ой заңның қабылданғанын ести сала келгенін айтты. "Мен мұнша халық ХҚКО-ға барып, 10 күн ішінде тіркеле алатынын елестете алмадым. Бұл онлайн-тіркеу болса басқа әңгіме. Менің көз алдыма елестегені - адамдар тобы бір-бірін итеріп, тіркеліп қалуға үлгергісі келіп жатыр. ХҚКО-ларда не боп жатқанын елестетіп отырмын. Осындай абыржыған сәтте адамдардың көңіл-күйін көтергім келді. Роликті 15 минутта құрастырып, Желіге орналастырдым", - дейді Мирас Төлеухан.

Мирас Төлеухан 1987 жылы Семейде туған. Алматыда Халықаралық бизнес университетін қаржыгер мамандығы бойынша тәмәмдаған. 2014 жылы жарыққа шыққан "Тұзақ" ("Петля") фильмі YouTube видеохостингінде ең көп қаралған отандық картиналар қатарына кіріп, осы арқылы белгілі болды.  Екі жарым жылда триллер 20 миллион рет қаралған. Сонымен қатар, режиссер ТМД аумағында алғаш рет рэп-мюзикл жанырында фильм түсірді. 

Жаңа ережелер туралы өзі не ойлайтыны туралы сұраққа: "Егер бұл мәселені ауқымды түрде, билік пен халық деген көзқараста алсақ, қарапайым халықтың онсыз да қиындықтары басынан асады - күнделікті тұрмыс, шаруалар онсыз да адамды қажытады. Осы кезде тағы бір міндет артылады. Лаңкестерді анықтаудың басқа жолын неге ойламасқа, долбарлай салғанша. Жеке маған қатысты келер болсақ, амал не, бірнеше күн жүгіріп, кезекте тұрып, бұл тақырыпты ұмыта тұру керек болады. Қйткені мен - заңға бағынатын азаматпын", - дейді режиссер. 

Мұның алдында белгілі қазақстандық актер және кскадер Ерден Телемісов та уақытша тіркеу туралы күлкілі видео түсірген болатын. Жаңа заңға қатысты әлеуметтік желі қолданушылары да мысқылдық танытты. 

Мына видеоны Алматы тұрғыны Алексей Курапов жасады. "Бүгін жаңалықтар таспасын оқығаннан кейін бұлай істемеске шарам қалмады, алматылықтар кешіріңдер. Сапасы үшін кешірім сұраймын, деректі фильмді куәгерлер телефонға түсірген", - деп жазған ол ролик астына. 

Еске салайық, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда азаматтардың уақытша тұрып жатқан орны бойынша тіркелуі міндетті. Бұл норманы бұзған адамға 10 АЕК (22 690 теңге) түрінде айыппұл салынады. Тіркеуге бір ай бойы тұрмаған азаматт та, үй иесі де жауапқа тартылады. Заң қоғамдық дау тудырды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети