04 қаңтар 2017 11:46

Көліктерді қолымен белгі беріп тоқтатқан полицейлер жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Ақтөбе облысында көліктерді қолымен белгі беріп тоқтатқан полицейлер жазаға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Әкімшілік полиция басқармасына сілтеме жасап.


Ақтөбе облысында көліктерді қолымен белгі беріп тоқтатқан полицейлер жазаға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Әкімшілік полиция басқармасына сілтеме жасап.

Куәгерлер полицейлердің көліктерді қолымен белгі беріп тоқтатып жатқанын видеоға түсіріп алған. Видеожазба түрлі әлеуметтік желілерде таралып кеткен. 

"Жаңа жылдың алғашқы күндері әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерінің көліктерді қолымен тоқтатып жатқаны туралы видео таралды. Олардың Ақтөбе облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінен екені анықталды. Олар ведомстволық бұйрықты бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп мәлімдеді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция басқармасының ресми өкілі Ирина Лукьянина.

Лукьянинаның сөзінше, полицей тоқтатқан жағдайда жүргізуші бағынуы керек, өйткені мұндай міндет жол жүру ережесінде көрсетілген. 

"Ал егер жүргізуші оны тоқтатқан кезде ереже бұзу болған деп есептесе, ол арыз жазып, бізге Facebook арқылы хабарласуға, видео түсіруге құқы бар. Біз ереже бұзылғанын, не бұзылмағанын анықтаймыз", - деп түсіндірді Лукьянина.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети