20 маусым 2016 13:56

"Көңілді" қызметтік көлік алматылықтарды таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото vk.com/kk_production Фото vk.com/kk_production

Желі қолданушылары мерекелік шарларды алып кетіп бара жатқан көлікті талқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желі қолданушылары мерекелік шарларды алып кетіп бара жатқан көлікті талқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көлікті куәгер Алматыдағы Абай мен Достық даңғылдарының қиылысында түсіріп алыпты. Кадрда құқық қорғау органдарының қызметтік көлігінің гелиймен толтырылған шарларды алып, жүріп бара жатқаны бейнеленген. Көліктің мемлекеттік тіркеу номері анық көрінген. 

Қала тұрғындары полицейлердің бұл тауарды шар сатушылардан тәркілеп алғаны жайлы айтады. Тағы біреулері болса құқық қорғау органдарының алматылықтарды құттықтап жатқаны деп топшылады. 


Фото vk.com/kk_production

Қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, бұл оқиға биыл ақпанда болған. Шарлардың иесі көліктің ішінде болған. "Медеу аудандық ІІБ инспекторы рұқсат етілмеген жерде сауда-саттықпен айналысқан адамны аныұтады. Ол осы дерек бойынша хаттама толтырып, ер адамды ішкі істер басқармасына жеткізді. Заттай айғақтар - шарларды ер адам өзімен бірге алып жүруі керек болды. Оның айтуынша, бұл оның есеп беретін тауары, сондықтан қалдырып кете алмаған. Әкімшілік материал бар", - деп мәлімдеді Әзірбек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети