Көріпкел шимпанзе чемпионатта Германия жеңеді деп отыр

11 Шілде 2014, 15:33
3
Көріпкел шимпанзе чемпионатта Германия жеңеді деп отыр - ©Айжан Түгелбаева
©Айжан Түгелбаева
Көріпкел шимпанзе чемпионатта Германия жеңеді деп отыр - ©Айжан Түгелбаева
©Айжан Түгелбаева
Көріпкел шимпанзе чемпионатта Германия жеңеді деп отыр - ©Айжан Түгелбаева
©Айжан Түгелбаева

Алматы хайуанаттар бағындағы шимпанзе ӘЧ-2014 жеңімпазын болжап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Томирис атты көріпкел маймылдың алдына қос финалист елдің туы қойылды - Германия мен Аргентина. Тулардың бірін таңдамас бұрын шимпанзе нағыз шоу жасады: приматтар секциясының меңгерушісі Шолпан Әбдібекова шимпанзені тордан шығарған кезде бостандықты сезінген Томирис достарына жақындап, күркенің төбесіне мініп алды, тамақ жеп болғаннан кейін барып, болжауға кірісті. Ұзақ ойланған маймыл Германия құрамасының туын көтерді. 

Футболдан әлем чемпионатының 13 шілде күні болатын финалында Германия құрамасы аргентиналықтармен ойнайды. Жартылай финалда немістер мундиаль қожайыны - Бразилия құрамасын 7:1 есебімен ойсырата жеңген болатын. Ал Аргентина құрамасы Нидерланды командасын пенальтилер сериясымен ұтты.

Футбол кездесулерінің нәтижесіне қатысты жануарлар жасайтын болжамдар 2010 жылғы әлем чемпионатынан кейін танымал бола бастады. Ең алдымен Германия хайуанаттар бағындағы сегізаяқ Пауль сегіз ойынның нәтижесін дәл тауып, бірде-бір рет қателеспеген еді. 2010 жылдың қазан айында көріпкел сегізаяқ өліп қалды. Оның орнын жәндіктің немере ағайыны Пауло басты. Қазақстанда Пеструха атты ешкі алғашқы көріпкел жануарлардың бірі атанды. Ол 2012 жылғы Еуропа чемпионатының жеті матчының нәтижесін дәл болжады.

Биылғы әлем чемпионаты ойындарының нәтижесін Оралдағы Сюзи атты мысық та жақсы болжап жүр. Еске сала кетейік, Бразилияда 2014 жылғы әлем чемпионаты 12 маусым күні басталды. Біріншілікке барлығы 32 ұлттық құрама қатысты. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай