21 қараша 2019 16:16

ҚТЖ "тыңдайтын" жамылғы түсірілген видео туралы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Желіде қазақстандық пойызда түсірілген видео тарап жатыр. Видео авторларының айтуынша, жамылғыдан тыңдауға арналған құрылғы табылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Желіде қазақстандық пойызда түсірілген видео тарап жатыр. Видео авторларының айтуынша, жамылғыдан тыңдауға арналған құрылғы табылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқырмандар видеоны редакцияның WhatsApp-нөміріне +7 777 001 44 99 жолдаған. Ер адам камераға төсек-орын жабдығының таңбасын көрсетеді, онда қазақстандық өндіруші фирманың атауы жазылған. Сосын ер адам таңбашаны кесіп, ішінен бір зат алып шығады. 

"Ішінде дыбыс жазатын құрылғы бар. Мұнда чип, магнит, антеннасы бар", - дейді видеоның авторы. 

"ҚТЖ" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі осы видеоға қатысты пікір білдірді. 

"Әлеуметтік желіде таралып жатқан видеода RFID-технологиясы (Radio Frequency Identification) түсірілген. Бұл - электрон сәйкестендіру белгісі. Ол мобиль және стационарлық құрылғылар арқылы осы жұмсақ заттарды қабылдау және өткізу кезінде санауға мүмкіндік береді. Белгі қай күні берілгенін, қай күні қолданысқа енгенін, жоспарлы өңдеу қашан жүргенін, жолаушылар пойызында заттарды санауға автоматтандыруға мүмкіндік береді", - дейді ұлттық компания өкілдері. 

Сондай-ақ, ҚТЖ жолаушылардан компания меншігін бүлдірмеуге шақырды. 


Медицинадағы RFID-чип. © elements.envato.com

RFID-белгілер әр түрлі болады, оларды кітапханада, киім дүкендерінде, медицинада, багаждарды бақылау жүйесінде және басқа да салаларда қолданады. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети