04 маусым 2014 16:02

Күл-қоқысты екіге бөліп лақтыру қажет болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©eco-pro.ru ©eco-pro.ru

Алдағы уақытта қазақстандықтарға үйден шығатын күл-қоқысты екіге бөліп лақтыруға тура келеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары жөніндегі министрі Нұрлан Қаппаровқа сілтеме жасап. 


Алдағы уақытта қазақстандықтарға үйден шығатын күл-қоқысты екіге бөліп лақтыруға тура келеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары жөніндегі министрі Нұрлан Қаппаровқа сілтеме жасап. 

Министрдің айтуынша, ол міндетті шара болмайды. Тамаққа жататын және оған жатпайтын күл-қоқысты екі бөліп лақтыру мәдениетін біртіндеп енгізу көзделіп отыр. Ол үшін әрбір қалада арнайы күл-қоқыс жәшіктері орнатылады. "Оны көрген азаматтар бірте-бірте ол шараның маңыздылығын түсінеді деп ойлаймыз. Әрине, бас кезінде барлығы олай істемейді. Дегенмен, біреуі бастаса, артынан екіншісі де қолға алады деген сенім бар. Ал ол үшін тиісті инфрақұрылымды жасау қажет", - деді бүгін Н.Қаппаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Оның сөзіне қарағанда, бастапқыда екі бөлек күл-қоқыс жәшіктері қойылады. Біреуі тамаққа жататын қылдықтарға арналса, екіншісінде қатты күл-қоқыстар жиналады. "Әзірше, ондай жәшіктер ірі қалаларда орнатылатын шығар. Мәселен, Еуропада сегіз жәшікке дейін қойылады. Сөйтіп, қағаз, шыны, тамақ және тағы басқа қалдықтар бөлек-бөлек жиналады. Еуропа халқы оған 30 жыл бойы үйренді. Сондықтан біз де соған келеміз деп ойлаймын. Меніңше, екі жылдан кейін ондай жүйе Астана қаласында енгізіледі", - деп атап көрсетті Н.Қаппаров.  

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети