Кеңестік атом бомбасының «әкесі» атанған физик Игорь Васильевич Курчатов – адамзат тарихында қырық жылдық (1949-1989ж.ж) қасіретімен қалған Семей сынақ полигонының құрылуын жүзеге асырушылардың бірі. Яғни Кеңестік Одақ билігінің тікелей тапсырмасымен дүниеге келген атом бомбасының жасалуына ұйытқы болған ғалым. Есесіне, Семей полигонының ошағы саналған Дегелең тауының төңірегінде, КСРО қорғаныс саласының құпия операциялары жүзеге асатын әскери қалашық тұрғызылып, ол кейіннен Курчатов қаласы болып өзгертілді.

Википедия анықтамалығындағы дерек:
Ядролық зерттеу полигонын құру туралы шешім КСРО Министрлер Кеңесінің және КОКП Орталық комитетімен 1947 жылы 21 тамызда қабылданды. Полигон «Оқу полигоны» ауызша аталды, шифр әскери бөлім 52605. Полигонның қалыптасуы Москва облысының Звенигород қаласында басталды. Алғашқы әскери бөлімдер мен жеке бөлімшелер 1947 жылғы 1 маусымнан бастап Павлодар облысының Майский ауданының Молдары поселкесіне қоныс аудара бастады. Полигон Қазақстан Республикасының Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының аумақтарында орналасқан. Жалпы ауданы - 18500 км кв., периметр 600 км-ге жуық. Аталған облыстардың тәрбітіне 54%, 39%, және 37% полигон аумағы тиіс келеді. Полигон сынақтарына дайындық жұмыстары 1949 жылғы шілде айында аяқталды. Сол жылдың 29 тамыз айында КСРО-да алғаш ядролық құрылғының сынағы өткізілді. Сынаққа тікелей ғылыми жетекшілік И.В.Курчатов атқарды.
Бүгінде Шығыс Қазақстан облысының құрамындағы Курчатов қаласында ҚР ҰЯО орналасқан. Осындағы Экологиялық және радиациялық қауіпсіздік институтының ғалым физиктері ғылыми базаны халықаралық деңгейде қалыптастыруда орасан зор еңбек етуде. Дегенмен қаланың әлі күнге дейін Курчатовтың атында қалуы қаншалықты дұрыс? Ғылыми қалашыққа басқаша атау беру қажет пе, жоқ па? Сол тұрғыда төмендегідей пікір-көзқарасты түзген едік.
Асан Омаров, техника және философия ғылымдарының кандидаты, абайтанушы:
- Ғалым ретінде айтарым, Курчатовтың ғылыми тұрғыдағы еңбегінің бар екені рас. Бірақ ол қазақтың қаншама ұрпағының азап тартуына әкеліп соққан Семей полигонының негізгі ұйымдастырушысы екендігін ұмытпауымыз керек. Өз басым оны Сахаров, Харитон секілді кеңес ғалымдарының қатарына қоя алмаймын. Курчатов ядролық атом бомбасының күш-қуаты қаншалықты болатынын жақсы білген шығар, бірақ оның жүздеген мың ұрпақтардың қатерлі ісік ауруларына ұшырап, өмірден мезгілсіз өтуіне салғырт қарағанын қалайша жоққа шығара аламыз? Курчатовтың басты кінәсі осында. Ол - полигон ошағындағы жергілікті тұрғындардың денсаулығына орасан зор зияны тиетінін, қаншама адамның қырылатынын біле тұра, қауіпсіздік шараларын қарастыру керектігі жөнінде әскери қолбасшылардың бірде-біреуін хабардар етпеген адам. Егер сол кезде...
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.