18 маусым 2014 15:51

Күзен Шымкент тұрғындарын қорқытты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құтқарушылар күзенді арнайы таяқтың көмегімен абайлап ұстап, банкаға орналастырды. ©Тengrinews.kz Құтқарушылар күзенді арнайы таяқтың көмегімен абайлап ұстап, банкаға орналастырды. ©Тengrinews.kz

Шымкентте күзен жеке үй тұрғындарын қорқытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкентте күзен жеке үй тұрғындарын қорқытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкенттегі "Тараз" ықшамауданының тұрғыны өз ауласынан беймәлім жануарды көреді. Хайуан өзіне ешкімді жақындатпаған. Ер адам құтқарушыларды көмекке шақырады. "Біздің жігіттер келіп, тұтас операцияны бастады", - дейді Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқару жасағының ресми өкілі Павел Вишенин. Тұрғындарды үрейлендірген жануар кішентай күзен болып шықты.

Құтқарушылар күзенді арнайы таяқтың көмегімен абайлап ұстап, банкаға орналастырған. Зәресі қашқан жануарды хайуанаттар бағына апарған кезде мамандар оның күзен екенін растады. Тұрғындар мен құтқарушылардың айтуынша, жануар әуеліде әлдекімнің үйінде болып, кейін қашып кеткенге ұқсайды.

Еске салайық, бірнеше жыл бұрын Ресейдің Чита қаласында Мультик есімді күзен цирктен қашып кеткен болатын. Қойылым кезінде Кеша атты тотықұс пен Джеки атты макака да тайып тұрған. "Әртістердің" қашып кетуіне байланысты балалар лагерьлерінде жоспарланған цирк қойылымдары кейінге қалдырылды. Жануарлардың қашып кетуіне қолайсыз ауа райының салдарынан туындайтын күйзелістің себеп болуы мүмкін екені хабарланды.

Джеки бір тәуліктен соң табылды. Ал Мультик пен Кеша таптырмай қойған.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети