Қыдырәлі Болманов Желіде тарап жүрген карикатураны бөліскендерді ой өрісі тар адамдар деп атады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстандық белгілі продюсер Қыдырәлі Болманов Желіде тарап жүрген карикатураға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол бұл туралы НТК телеарнасындағы "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында айтты. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық белгілі продюсер Қыдырәлі Болманов Желіде тарап жүрген карикатураға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол бұл туралы НТК телеарнасындағы "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында айтты. 

Әнші бейнеленді делінген карикатура қазіргі уақытта Қазнетте кең талқыланып жатыр. Суретті белгілі журналист Серік Абас-шах та жариялады. Жазбасында ол "Қыдырмен" деген суперменді тоқал алуға және міндетті уақытша тіркеуді тоқтатуға шақырады. Бұл жазбаға мыңнан аса лайк басылып, көптеген пікір жазылды.

 Ал Болмановтың өзі карикатураны таратушыларды сынап тастады.

"Мен ешкімге нақты ештеңе айтқан жоқпын, келіп, нақты сұраса, жарты сағаттың ішінде түсіндіріп берер едім. Келген адам өз пікірін міндетті түрде өзгертер еді. Тереңірек ойлап көрсек, бұл блогерлер мен сыншылар ой өрісі тар адамдар", - деді белгілі әнші әрі продюсер.

Ал карикатураның авторы Мұрат Ділманов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында "халық қамын ойлайтын адамды" салғанын айтып отыр.

"Белгілі бір көзқарас болар деп ойладым. (...) Көңілге тиетіндей ештеңе көріп тұрған жоқпын. Жағдай әзілге құрылған. Осы заңға қатысты жағдай алаңдатады. Себебі азаматтарға пікірін есепке алмауға болатын адамдардай көреді. (...) Мен түнімен ұйықтамай, халықтың қамын ойлайтын адамды салдым", - дейді Ділманов.

Суретшінің айтуынша, Қыдырәлі Болманов бұл карикатураны өз парақшаларына жүктеген адамдардан өшіруді сұрап жатыр екен.

"Оның (Қыдырәлі Болманов - авт.) хабарласып, бұл суретті таратпау туралы өтініш айтып жатқаны жайлы айтылып жүр. Мұның барлығын қалай өшіруге болатынын білмеймін. Екіншіден, егер ол сотқа берсе, сараптама жүргізуі керек, сөйтіп, ол бұл суреттің қай жері көңіліне тигенін дәлелдесін. Ол жақта қорлайтын дүние жоқ. Еш жерде мұнда Қыдырәлі бейнеленген деп айтпадым. Адамдар солай десе, мен оған жауапты емеспін", - деді Ділманов.

Еске салайық, Қыдырәлі Болманов Қазнет тарапынан бірінші рет сынға ұшырап отырған жоқ. Бұған дейін ол жер мәселесіне қатысты пікір білдіремін деп, жұрттың талқысына қалған еді. Сол уақытта ол "амалсыздан тоқал туралы қауесет ойлап тапқанын" мәлімдеген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.38  course up  590.98  course up  6.29  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer