"Қырғызстан барлық салада көшбасшы болады!": Кәсіпкер қыз Желіде жұлдызға айналды

07 Маусым 2018, 13:01
0
"Қырғызстан барлық салада көшбасшы болады!": Кәсіпкер қыз Желіде жұлдызға айналды - видеодан үзінді
видеодан үзінді

Қырғызстандық кәсіпкер Гүлзат Мамытбек өз елінің болашағын қалай көретінін айтты. Оның баспасөз конференциясында айтқан үзінділерінің видеолары Kloop.kg сайтының Facebook желісіндегі парақшасында жарияланды. Желі қолданушылары қыз баланың құлшынысы мен ынтасына тәнті болғанын жазды. Көптеген адамның айтуынша, қыздың сөздері біразын қанаттандырған. 

"Менің нақты мақсатым - бүкіл әлемді Қырғыстанға аудару. Бүкіл әлем Қырғызстанды білетін болады. Қырғызстан үстемдік жүргізеді. Технология, медицина, өнер, сән - барлығы да қырғыздан алатын болады. Біз Ыстықкөл жағалауында өзіміздің Голливудты саламыз. Ол жер жұлдыздар, танымал адамдардың мекені болады және онда әлемдегі ең үздік кадрлар түсіріледі", - деді ол. 

Кәсіпкер қыз өз болашағын қалай елестететіні жайлы да тоқталып өтті. 

"Мен оп-оңай президент бола аламын. Мен кез келген адамның іші-бауырына түсіп, мен үшін дауыс беретіндей ете аламын. Алайда мен өзімді мәдениет қайраткері ретінде көремін, Майкл Джексоннан да асып түсемін. Менің видеоларым, жобаларым, фильмдерім энтузиазм деңгейінде болады. Менің қолымнан келеді! Сенің де қолыңнан келеді. Қырғызстанды бірге көтерейік", - деді Гүлзат Мамытбек. 


©  facebook.com/gulzat.alymkulova/

Facebook желісінде видео 55 мың рет қаралған және 500-ден аса пікір қалдырылған.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай