Қытай аспазы 216 қойдың етін бір мезетте қуыру арқылы рекорд орнатты

24 Ақпан 2016, 09:33
0
Қытай аспазы 216 қойдың етін бір мезетте қуыру арқылы рекорд орнатты - © Scoopnest.com
© Scoopnest.com

Қытайдың Наньнин қаласындағы саябақта Абин есімді аспаз 216 қойдың етін бір мезетте пісіріп, Гиннестің рекордтар кітабына енді, - деп хабарлайды 24.kz жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Абин мен оның көмекшілері алаңға шығып, 216 қойдың етін іліп шықты. Аспаз арнайы дәмдеуіштерін қосқаннан кейін етті пісіруге кірісті. Біркелкі пісу үшін ол етті үнемі ауыстырып тұрды. 216 қойдың етін пісіруге шамамен екі сағат уақыт жұмсалды. Гиннестің рекордтар кітабының Ұлыбританиядан келген ресми өкілі қытайлық аспаздың рекордын тіркеді.

Аспаз осылайша өз арманына қол жеткізгенін айтып отыр. Айта кетейік, ол әлемдік деңгейдегі барбекю шебері болу үшін 1997 жылы Наньнин қаласына келген.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай