Қытай азаматы немересін спа-салонға бір айға қалдырып кетті

05 Ақпан 2015, 16:47
0
Қытай азаматы немересін спа-салонға бір айға қалдырып кетті - ©omefrans/Flickr
©omefrans/Flickr

Қытай азаматы 6 жастағы немересін бір айдан астам уақытқа спа-салонға қалдырып кетті, - деп хабарлайды Lenta.ru The Daily Mirror басылымына сілтеме жасап. Сияо (Siyao) есімді қыз спа-салонда бір айдан астам уақыттан бері тұрып жатыр. 

Басылымның мәліметінше, қыз бала Куньмин қаласындағы спа-салонға бірнеше емдеу шарасын алмақшы болған атасымен бірге барыпты. Шипалы былаудан шыққан ер адам әмиянын ұмытып кеткенін айтып, салон қызметкерлеріне кепіл ретінде немересін қалдырып ақша әкелуге кетіп қалған. Ол бірнеше сағаттан кейін оралуға уәде бергенімен, немересін алып кетуге қайтып келмеген. Кейін атасы мен немересінің Куньмин қаласына демалуға келгендері белгілі болды.

Салон менеджері Ми Ванның (Mee Wang) айтуынша, ер адам қайтып келетініне сендіру үшін немересін әдейі қалдырыпты. Бірақ ол бірнеше тәулік бойы оралмаған соң салон қызметкерлері Сияоға арнап ұйықтайтын орын жабдықтаған. Кейін теледидар орнатып, үнемі жаңа киімдер мен тамақ сатып алып отырған. Қыз бала олардың көпшілігіне бауыр басып қалыпты. 

Басылымның хабарлауынша, бұл оқиға жергілікті БАҚ-та қызу талқыға түскен, сөйтіп Куньмин тұрғындары әлеуметтік қызметтің бұл іске араласуын талап етіп, қыздың атасын табуға әрекеттенді. Алайда әзірше атасы табыла қойған жоқ.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай