Қытай жанкүйерлері Димаш Құдайбергенді қалай қарсы алады?

19 Ақпан 2017, 11:12
0
Қытай жанкүйерлері Димаш Құдайбергенді қалай қарсы алады? - © newsler.info
© newsler.info

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі өзінің парақшасында Пекина және Чанду әуежайында өзінің қытайлық жанкүйерлерімен кездесу сәтінің видеосын жариялады.

"Әртістің ең үлкен бақыты... Әуежайдан күтіп алу...Пекин және Чанду қалалары... Видео оператор Алпамыс)", - деп жазды жас әнші. 

Осыған дейін Димаш Құдайбергеннің өзіне жат стильдегі әнді орындайтыны хабарланған болатын. "Осы аптада Bruno Mars репертуарынан "Uptown Funk" әнін орындау тапсырылды. Бұл ән менің жан дүниеме бөтен - бірақ тапсырманы 100 пайыз орындауға тырысамын! Сіздер үйренген Димашты осы апта көрмейсіздер! Алдын ала кешірім сұраймын! Бірақ, көңілді болатынына сенімдімін! Сенбі күні 20:05-те (Астана уақытымен). Hunan Tv арнасынан #IAmSinger жобасын өткізіп алмаңыздар!", - деп жазған еді жас әнші өзінің Іnstagram желісіндегі парақшасында. 

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының үшінші кезеңінде үшінші орын алған еді. "Сүйінші, Достар! Димаш келесі кезеңге жолдама алды - жалпы есепте 1-орын!", - деп жазған еді әншінің өкілі. Сонымен қатар, Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан I am a Singer музыкалық конкурсының екінші кезеңінде де жеңімпаз атанған болатын. Әнші ресейлік атақты Витастың "Опера 2" атты туындысын орындаған еді. Видеоны мына жерден көруге болады. Ал бірінші кезеңде ол француз тілінде SOS d'un terrien en détresse әнін орындаған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай