Қытай қызы ұсақ моншақтардан жасаған Димаштың портреті әуежайдан өтпей қалған

21 Сәуір 2017, 22:34
0
Қытай қызы ұсақ моншақтардан жасаған Димаштың портреті әуежайдан өтпей қалған - © "Ақтөбе" газеті
© "Ақтөбе" газеті

Димаш Құдайберген екінші орын алған байқаудың финалына оның анасы, белгілі әнші Светлана Айтбаева барып қайтқан болатын. Сапардан соң "Ақтөбе" газетіне арнайы келген Света Айтбаева қызық дерек айтты.


Си Си Димаштың әкесі Қанат Айтбаевпен бірге

Финал алдында Димашқа Си Си атты қытайдың бойжеткені әдемі сый жасапты. Ол бір ай бойы тапжылмай отырып, ұсақ моншақтардан Димаштың портретін жасаған. Финалға дейін үлгере алмай қалам ба деп қатты уайымдаған көрінеді. Үлгеріп, дәл шешуші сынның алдында сүйікті әншісін қуантқанына өзі де мәз болыпты. Сол сыйлықты елге алып келмек болған Света Айтбаеваны әуелі Чанша әуежайы қызметкерлері жібермей, біраз кідірткен. Өйткені әуежай тәртібі бойынша биіктігі 1 метрден асатын портретті ұшаққа алып кіруге болмайды.

Алайда Чаншада Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері шулап жүріп, Света Айтбаеваны арнайы қызыл жолақтан өткізіп, қолындағы портретпен бірге ұшаққа мінгізіп жіберген. Бірақ Үрімшідегі әуежайда портретті өткізбей қойыпты. Қазір оны тілеулес жандар автобуспен алып келе жатыр екен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай