06 сәуір 2014 20:53

Қытайда 3D-принтер көмегімен үй жасап шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

3D-принтера көмегімен жасалған үй. Сурет gizmodo.com.au сайтынан алынған 3D-принтера көмегімен жасалған үй. Сурет gizmodo.com.au сайтынан алынған

"Қытайлық сәулетшілер үй тұрғызудың жылдам және арзан жолын тапты" деп хабарлайды Tengrinews.kz Gizmodo.com.au сайтына сілтеме жасап.


"Қытайлық сәулетшілер үй тұрғызудың жылдам және арзан жолын тапты" деп хабарлайды Tengrinews.kz Gizmodo.com.au сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Қытайда баспана мәселесі өте күрделі проблеманың бірі. Енді аспан асты елінің билігі барлық мұқтаж жандарды үймен қамтамасыз ететін болады. Құрылыс 3D-принтері көмегімен қытайлық компания бір күнде онға тарта шағын үйді басып шығарған. Үй эстетикалық және ыңғайлылық жағынан керемет артықшылыққа ие емес, соған қарай бағасы да бес мың доллар тұрады. Үй құрылыс материалдары мен шахтадан шығарылған қалдықтардан басылады.

Енді құрылыс компаниясы 3D-принтермен үй басып шығаруға қажетті қалдықтарды қайта өңдеп, үй тұрғызуға қажетті жүздеген комплекс ашып, жұмыс ауқымын кеңейтпек. Порталдың мәліметіне қарағанда, бұл коммуналдық мәселелердің кілітін тауып, қалдық мәселесін де оңтайлы шешуге мүмкіндік береді.
 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети