10 ақпан 2016 09:37

Қытайда өлі сәби кремация алдында тіріліп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mamaplus.md © mamaplus.md

Қытайда өлдіге баланған сәби кремацияға бірнеше минут қалғанда оянып кетті, - деп жазады The Independent қытайдың ақпарат құралдарына сілтеме жасап.


Қытайда өлдіге баланған сәби кремацияға бірнеше минут қалғанда оянып кетті, - деп жазады The Independent қытайдың ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Бала 8 қаңтарда Чжэцзян провинциясында екі айға ерте туған. Дәрігерлер оны инкубаторға салып, ол 23 күн бойы жатады. Осыдан кейін ата-анасы дәрігерлердің кеңесін тыңдамастан сәбиді үйіне алып кетеді. Екі күн өткенде сәби ауырып қалып, ауруханаға жеткізілген.

4 ақпанда дәрігерлер сәбидің шетінеп кеткенін айтады. Сәбидің денесі Цельсий бойынша 12 градус суық мәйітханада 23 сағат бойы жатқан. Ал келесі күні оны кремациялау үшін тоңазытқыштан шығарған кезде, бала жылап жіберген. Жұмысшылар оның ата-анасын дереу шақырады. Осыдан кейін бала интенсив терапия бөліміне ауыстырылған. 

"Қандай ғажаптың болғанын әлі күнге түсіне алмаймын", - деп мәлімдеді баланы өлді деп тіркеген дәрігер Чен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети