21 қаңтар 2015 20:04

Қытайда түскі астың ақысын сұлулықпен өтеуге болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©qwrt.ru ©qwrt.ru

Қытайдың Чжэнчжоу қаласындағы мейрамханалардың бірі қызықты қызмет түрін ойлап тапты, бұл мейрамханада түскі астың ақысын сұлулықпен төлеуге болады. Qwrt.ru порталындағы мәліметке қарағанда, эксперименттің мәнісі өте қарапайым, бұл мейрамханаға келгендерді үстелге отырмай тұрып суретке түсіріп алады, сарапшылар оларға баға береді.

Сарапшылар қарапайым адамдар емес, олар нағыз - пластика хирургтері. Олар әдемі деп тапқан адамдар мекеме есебінен тамақтана алады. Мұндай эксперимент әлеуметтік желіде қызу талқылана бастады. Біреулер бұған әзіл-оспақ ретінде қараса, біреулер мейрамхананың шулы акциясына наразылығын білдірді.

Мысалы, жергілікті басшылық "Әдемі келбет үшін тегін түскі ас" деген маңдайшаны ілуге қарсы болды. Шынымен де мұндай акция көпшілікті ренжітуі мүмкін. Дәм жағынан да, түс жағынан да фломастерлер әртүрлі, сондықтан нағыз мамандар болса да хирургтердің көзқарасына сену ақымақтық.

Алайда қалалық үкіметтің наразылығы мейрамхана басшыларын абыржыта алмады, сондықтан акция әлі де жүріп жатыр. Бірақ алдағы уақытта жарнамаға мұқият болуға уәде берілді. Қалай болғанда да эксперимент зор атаққа ие болды, мейрамхана туралы бүкіл әлем біліп, өзін көрікті санайтындар тегін тамақтануға асығып жүр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети