1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Қытайлық азамат пилоты жоқ ұшақты тоқтатты

Қытай әуежайының қызметкері пилотсыз жүріп бара жатқан ұшақты тоқтатты, - деп хабарлайды L!FE Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Алайда ер адам ұшақ ұшуға дайындалып жатыр екен деп ойлап қалғандықтан, тіреуін өзі алып тастаған екен. Loong Air әуе компаниясының ұшағы Таншаннан Хух-Хото Байта әуежайына ұшып келген. Осыдан кейін жолаушылар мен экипаж мүшелері әуе кемесінен шығып кеткен, осы кезде қызметкерлердің бірі есігі жабылып, трап алып тасталғандықтан оны ұшады деп ойлап қалған. Ер адам шассидегі тіреуішті алып тастаған. Ал ұшақ өздігінен артқа қарай жүре бастағанда, қызметкер өз қателігін түсініп, тіреуді қайта орнына қояды. 

Оқиға 12 шілдеде болған. Кейін әуежай өкілдері ұшақ бортында ешкім болмағанын растап берді.