27 желтоқсан 2017 12:58

Қыздар ақша үшін шешінген Zakova клубы әкімшілігі үндеу жариялады - Видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қыздар ақша үшін шешінген Zakova клубы әкімшілігі үндеу жариялады - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоүндеу Желіде пайда болды.


Қыздар ақша үшін шешінген Zakova клубы әкімшілігі үндеу жариялады - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоүндеу Желіде пайда болды.

"Мен бастықтың міндетін атқаратын "Закова" клубының өкілімін. Ең біріншіден, біздің барда болған оқиға бойынша қазақ халқының әр азаматынан кешірім сұраймын. Болған оқиға бойынша, сол іс-әрекетке қатысқан бүкіл жүргізушілер, PR-менеджерлер жұмыс орнынан босатылды және де Айжан Байзақовамен сұхбат жүргізілді.  Өзіміздің әкімшілік те толықтай жауапкершілікке тартылды - әкімшілік айыппұл салынды", - делінген жарияланған үндеуде.

Сондай-ақ, әкімшіліктегілер мұндай жағдайдың енді қайталанбайтынын айтты.

"Тағы айта кетерім, мұндай жағдай ендігі біздің барда қайталанбайтынына уәде беремін. Біздің ойымызда қазақ халқына, әр азаматына, ішкі дүниесіне, әр жеке мүддесіне жаманшылық келтіру ойы болған жоқ. Сол үшін қазақ халқынан, әр азаматынан кешірім сұраймыз", - деді түнгі клуб әкімшілігі.

Еске салайық, кеше, 26 желтоқсанда полицейлердің 22 жастағы қыздың ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартқаны хабарланған еді. Айта кетейік, таяуда қаладағы клубтардың бірінде қыздардың тыржалаңаш шешінген видеосы жарияланған еді. 

"Алмалы аудандық ІІД жергілікті полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша іс материалдарын жинап, 1995 жылғы А.С.Байзақоваға қатысты қоғамдық жерде қоғамға қарсы конкурстар ұйымдастырып, былапыт сөздер айтқаны үшін жауапкершілікке тартты. Байзақованың кінәсі толығымен дәлелденді. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот үкіміне сәйкес ол үш күнге қамауға алынды", - деген еді Алматы ІІД өкілдері. 

Айта кетейік, Айжан Байзақованың өзі кінәсіне өкініш білдірді. Ол сот залында қамауға алынды.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети