25 қазан 2017 09:30

Қызы рұқсатсыз тұрмысқа шыққанын білген ер адам Facebook тікелей эфирінде өзін атып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда қызының тұрмысқа шығатынын білген ер адам Facebook Live тікелей эфирінте өзін атып өлтірген. Бұл туралы New York Post жазады. 


Түркияда қызының тұрмысқа шығатынын білген ер адам Facebook Live тікелей эфирінте өзін атып өлтірген. Бұл туралы New York Post жазады. 

Кайсери қаласының 54 жастағы тұрғыны Айхан Узун қолданушылар алдында қызының рұқсатсыз үйлену туралы шешім шығарғанын айқан. 

"Мені осындай халге душар еткендердің жерлеуіме келгенін қаламаймын", - дейді ол эфирде.

Ер адамның айтуынша, қызының тұрмысқа шығатыны туралы "ең қуанышты хабарды" ол әйелінен телефон арқылы білген. "Ешкім менен рұқсат алмады. Маған ешкім ер адам ретінде қарамайды", - деп айтады өкпесін ер адам.

"Қош болыңдар, мен сендерден кетемін, аман болыңдар", - деген Узун басына тапанша тақап, атып қалады. Қолданушылар оны райынан қайтару үшін жанталасқан, бірақ ер адам айтқанынан қайтпай, өз ісін соңына дейін жеткізген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети