30 қазан 2014 18:26

Қызылордада "порнокастингке" байланысты тексеру басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада әлеуметтік желіде пайда болған қалада порнокастинг жарияланғаны туралы хабарламаға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының жанындағы Жастарды қолдау орталығының директоры Жандос Тұсмағамбетов айтты.


Қызылордада әлеуметтік желіде пайда болған қалада порнокастинг жарияланғаны туралы хабарламаға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының жанындағы Жастарды қолдау орталығының директоры Жандос Тұсмағамбетов айтты.

Әкімдік қызметкерлері полицейлермен бірге оқиғаға қатысты тергеу жүргізген. Олар хабарландыруда көрсетілген телефон нөмірінің иесін анықтады. Жігіт 2012 жылы құрбысына ұялы телефон мен SIM-карта сатып алғанын айтты. 2014 жылдың мамыр айында телефонды жоғалтып алады. Бірнеше айдан соң бұл нөмір порнокастинг туралы хабарламада пайда болған. 

Тұсмағамбетовтың айтуынша, жігіт әлдекімдер оның атынан "қазақстандық порнофильмге актрисалар іріктейміз" деп, қыздармен сөйлескеніне күмән келтірмейді. Полицейлер ешқандай іс қозғамаған, бірақ әлеуметтік желіде хабарландыру орналастырған адамдар іздестіріліп жатыр. Орталық директоры мұны қарапайым бұзақылық деп есептейді. Ол Қызылордада порнокастинг жүргізілуі мүмкін екенін үзілді-кесілді жоққа шығарды.

Еске сала кетейік, мұндай хабарландыру "Вконтакте" желісінде пайда болған еді. Хабарландыруға қарағанда, оған 18-ден 25 жасқа дейінгі қыздар іріктеледі. Tengrinews.kz журналисі WhatsApp мессенджері арқылы кастингті ұйымдастырушыларға хабарласты. "Қыздарға қандай талап қойылады?" деген сауалға "Олар төсекте өзін жақсы көрсете білуі керек, тәні сұлу болуы қажет" деген жауап келді. Олардың мәліметінше, бір эпизодқа түскен қызға 90 мың теңгеге дейін сыйақы беріледі. Айта кетейік, атышулы хабарландыру көп ұзамай өшірілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети