1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Лениннің мәйітіне жаңа костюм кигізіледі 16 ақпан 2015, 18:32

Ленинді Бүкілресейлік дәрілік және хош иісті өсімдіктер институтының биохимик мамандары киіндіреді.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Мавзолейдегі Ленин. ©РИА Новости Мавзолейдегі Ленин. ©РИА Новости

Кремль қабырғасында жатқан Владимир Лениннің мәйітіне жаңа костюм кигізіледі, - деп хабарлайды Lenta.ru "Интерфакске" сілтеме жасап. Осы және өзге де тұрақты шараларды жүргізу үшін мавзолей 16 ақпаннан 16 сәуірге дейін жабық болады.

Порталдың мәліметінше, Ленинді Бүкілресейлік дәрілік және хош иісті өсімдіктер институтының биохимик мамандары киіндіреді. Костюм бірнеше жылда бір рет ауыстырылады. Бұл рәсіммен қатар мавзолей ішіне орналастырылған аппаратураларға тестілеу жүргізіледі.

Айта кетейік, Владимир Ульяновтың (Ленин) мәйіті 1924 жылы 21 қаңтарда, ол қаза болған күні бальзамдалды. Ғылымның заманауи жетістіктерінің арқасында мәйіт әлі де ұзақ уақыт сақталады.