Лос-Анджелесте Нұрлан Қоянбаевтың сыңары табылды

14 Ақпан 2017, 11:35
0
Лос-Анджелесте Нұрлан Қоянбаевтың сыңары табылды - Нұрлан Қоянбаев. © Тұрар Қазанғапов
Нұрлан Қоянбаев. © Тұрар Қазанғапов

Лос-Анджелесте қазақстандық шоумен, "Түнгі студия" бағдарламасының жүргізушісі Нұрлан Қоянбаевқа қатты ұқсайтын ер адам видеоға түсірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қоянбаевтың сыңары түсірілген видеожазбаны қазақстандық биші қыз Софи Манасян жариялады. Айта кетейік,  Софи Манасян қазіргі уақытта ата-анасымен бірге Америкада тұрып жатыр екен. Қыздың айтуынша, Қоянбаевқа ұқсайтын америкалық поштада қызмет етеді екен.

"Маған Лос-Анджелестегі пошта қызметкерінің Қазақстанда танымал адамдардың біріне ұқсайтынын айтты. Сіздердің ойыңызша, кімге ұқсайды?", - деп жазған қазақстандық биші видеоның сипаттамасына.

Ал Нұрлан Қоянбаев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында өзінің видеожазбадағы америкалыққа расында да ұқсайтынын айтып өтті. "Мен де таңғалдым. Иә, қатты ұқсайды. Осы видеоға жазылған пікірлерді қарасам, шамамен 247 пікір білдірушінің барлығы "Қоянбаев" деп жазып жатыр. Мен де былай қарасам - ұқсастық бар. Адамдарды алдай алмайсың", - деп күлді шоумен Америкада туыстары жоқ екенін айта отырып.

Сондай-ақ, тележүргізушінің айтуынша, ол Қазақстанда өзіне қатты ұқсайтын адамды кездестіріп көрген емес. 

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 9 ақпанында Нұрлан Қоянбаев "Қазақстан" РТРК бас продюсері болып тағайындалды. Қоянбаевтың айтуынша, бұл қызметке ол ақпанның басында келген. Шоумен телерадиокорпорацияның бас продюсері қызметі мен "Түнгі студияда" шоуының жүргізушісі жұмысын қатар атқарады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай