1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

"Мәңгі есіне сақтайды". "Серебро" тобы отырған ұшақ салонындағы видео жарияланды

"Серебро" тобы. © Ruinformer "Серебро" тобы. © Ruinformer

29 сәуірде бортында ресейлік "Серебро" тобы отырған S7 әуе компаниясының ұшағы Черногория астанасында апат жағдайында қонды. Mash телеграм-арнасы әуе кемесінің бортында түсірілген видеоны жариялады. 

"Қанатындағы ақауға байланысты Черногорияда апат жағдайында қонған S7 ұшағының салонында түсірілген видео. Иә, бәрі жақсы аяқталды, бірақ, бұл сапарды жолаушылардың бәрі мәңгі есінде сақтайды", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, ұшақтың апат жағдайды қонғаны туралы "Серебро" тобының мүшесі Ольга Серябкина айтып берген болатын. Өзінің Instagram желісіндегі парақшасында ол "жазым бола жаздадық", "борттағы жағдай тозаққа айналды - бәрі жылап, айғайлап жатты", "ал бортсеріктер кәсібилік таныта алмай, жағдайды одан сайын ушықтырды" деп жазған еді. 

Кейін әуе компаниясының өкілдері ұшақтың белгіленген жерге қанатындағы ақауға байланысты қона алмағанын мәлімдеді.