02 қыркүйек 2015 14:28

Маңғыстау облысында жауыннан қорғанғысы келген ата-аналар мектептің есігін сындырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

YouTube ролигінен алынған кадр. © Tumba Kz YouTube ролигінен алынған кадр. © Tumba Kz

Маңғыстау облысындағы Басқұдық ауылында 1 қыркүйек күні жауыннан қорғанғысы келген ата-аналар мектептің есігін сындырды, - деп жазады Tumba өңірлік порталы.


Маңғыстау облысындағы Басқұдық ауылында 1 қыркүйек күні жауыннан қорғанғысы келген ата-аналар мектептің есігін сындырды, - деп жазады Tumba өңірлік порталы.

Ата-аналардың айтуынша, салтанатты шара болмаған, оқушылар далада тұрыпты. Ал нөсер басталған кезде барлығы одан қорғанбақшы болған. Алайда олардың сөзіне қарағанда, баратын басқа жер болмапты, мектептің есігі жабық тұрған. 

"Есіктер мықтап жабулы тұрды, ата-аналар да, балалар да ішіне кіре алмады. Мектеп директоры мен Басқұдық ауылының әкімі ішке кіргеннен кейін учаскелік инспектор ішінен жауып алды. Жауын күшейе берді. Әрине, далада қалған біз бұл жағдайға наразы болып, ішке күшпен кіруге тырыстық. Біз күштегеннен кейін есік сынып қалды, бірақ бірінші сыныпқа барған бірнеше оқушы аздаған жарақат алды", - деді оқиғаның куәгері Жанар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети