05 тамыз 2019 09:58

Маңғыстауда белгісіз біреулер күшіктерді жол бойындағы әжетханаға тастап кеткен

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© inaktau.kz © inaktau.kz

Маңғыстау облысында белгісіз адамдар жол бойындағы әжетханаға күшіктерді тастап кеткен. Куәгерлердің Желіге салған видеосы арқасында үй жануарлары табылды, - деп хабарлайды inAktau.kz тілшісі. 


Маңғыстау облысында белгісіз адамдар жол бойындағы әжетханаға күшіктерді тастап кеткен. Куәгерлердің Желіге салған видеосы арқасында үй жануарлары табылды, - деп хабарлайды inAktau.kz тілшісі. 

Күшіктер 3 тамызда Жетібай ауылының маңындағы жол бойында қазылған шұңқырдан табылды. Куәгерлердің бірі оны видеоға түсіріп, Желіге жүктеген.

Бұл жаңалыққа ақтаулықтар бірден назар аударды. Күшікті құтқару үшін бес қыз бірден жолға шықты.

"Бұл дәретхананы ұзақ іздеуге тура келді, бірақ таптық. Осы уақытта Жетібайдан күшіктерді құтқаруға тағы бір жігіт келді, ол жануарларды өз бетінше шығарып алғысы келген. Барлығы алты күшік болды. Барлығын шығардық. Бірақ біреуі біз келгенгше өліп қалыпты. Қалғандары өте арық. Бұл шұңқырда бір емес, бірнеше күн жатқандары көрінеді. Ең сорақысы, осы уақыт аралығында бұл дәретханаға ондаған адам кірді, күшіктер өлгелі жатқанын көрсе де ешкім көмектеспеді", - дейді ерікті Анна.

Қазір құтқарылған бес күшіктің екеуінің ғана жағдайы қалыпты. Қалғандарының жағдайы өте ауыр. "Оларды құтқару үшін немқұрайды қарамайтын адамдардың көмегі қажет. "Гептрал", "Риботан", "Гаммавит" сияқты дәрілер мен система, шприц және реанимация жасайтын құралдар қажет", - деді Анна.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети