10 қараша 2016 15:34

Маңғыстауда салмағы 6 келі сәби дүниеге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстауда салмағы 6 келі қыз дүниеге келді, - деп хабарлайды "Лада" басылымы.


Маңғыстауда салмағы 6 келі қыз дүниеге келді, - деп хабарлайды "Лада" басылымы.

7 қарашада сағат 11.45-те облыстық перинаталдық орталықта салмағы 6 келі 100 грамм қыз дүниеге келді. Дәрігерлердің айтуынша, соңғы бес жылда ешкім мұндай салмақпен дүниеге келмеген.

Бұл сәби Мұнайлы ауданының 37 жастағы тұрғынының 6-шы баласы екен. Әйелдің үш ұлы мен үш қызы бар екен. Балаларының барлығы үлкен салмақпен туылыпты.

"Осыған дейінгі балалары 3 келі 900 грамм, 4 келі, 4 келі 300 грамм, 4 келі 900 грамм, 5 келі 900 граммен дүниеге келді. Барлығын өзі босанды, тек біреуін іштен жарып алуға тура келді. Қазіргі уақытта сәби мен анасының жағдайы жақсы", - деді облыстық перинаталдық орталық директорының орынбасары Роза Баданова.

Еске сала кетейік, 2012 жылы Астанада салмағы 6 келі 820 грамм ұл бала дүниеге келген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети