30 шілде 2014 20:32

Мас болып ЖКО жасағандар қасақана қылмысы үшін сотталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz сайтының иллюстрациясы Тengrinews.kz сайтының иллюстрациясы

Мас күйінде көлік басқарып, адам өліміне соқтырған ЖКО-ға себепші болған жүргізушінің әрекеті қасақана жасалған қылмыс болып саналады, - деп мәлімдейді Tengrinews.kz Әділет министрлігі Сот-сараптамалық орталығының директоры Исидор Борчашвилиге сілтеме жасап.


Мас күйінде көлік басқарып, адам өліміне соқтырған ЖКО-ға себепші болған жүргізушінің әрекеті қасақана жасалған қылмыс болып саналады, - деп мәлімдейді Tengrinews.kz Әділет министрлігі Сот-сараптамалық орталығының директоры Исидор Борчашвилиге сілтеме жасап.

Tengrinews.kz ақпарат құралына берген сұхбатында Борчашвили 2015 жылы күшіне енетін жаңа кодексте мас күйінде Жол қауіпсіздік ережесін бұзғандар үшін заңның қатаңдағанын айтты. Бұған дейін мәлім болғандай, мас күйінде көлік басқарып, адам өліміне соқтырған ЖКО-ға себепші болған жүргізушінің әрекеті ауыр қылмыстар санатына жатқызылады.

"Жаңа кодексте салдары адам өліміне соқтырған жол көлік оқиғасына кінәлі мас жүргізушінің әрекеті ауыр қылмыс санатына жатқызылады және қасақана жасалған қылмыс деп саналады" деп атап өтті Борчашвили.

"Менің ойымша, бұл дұрыс. Бұған дейін егер жүргізушы мас күйінде бір немесе бірнеше адамды қағып өлтіріп кетсе де, абайсызда жасалған қылмыс болып саналатын. Өйткені, ол адамды әдейі өлтірген жоқ. Мен әр кез бұл мәселенің тереңіне үңілу қажет екенін айтып келемін. Азаматтық заңнама тұрғысынан қарағанда көліктің өзі ғана-қауіп көзі. Ол мас болып рөлге отырғанда, оған олай істеуге тыйым салынғанын біледі, ол сол арқылы өзге адамдардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін екенін біле тұра солай жасайды. Сондықтан, мұны абайсызда жасалған қылмыс деуге болмайды. Бұл-қасақана жасалған қылмыс және соған қарай жаза қолданылуы тиіс" дейді Сот-сараптамалық орталығының директоры.

Бұған дейін хабарланғандай, жаңа кодекс бойынша салдары адам өліміне соқтырған жол көлік оқиғасына кінәлі мас жүргізушінің әрекеті ауыр қылмыс санатына жатқызылады және тараптардың келісімімен істі тоқтатуға болмайды. ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркельдің айтуынша, жаза опат болған адамдар санына қарай қатаңдай береді. "Егер бір адам опат болса -7 жылға дейін, егер екі адам опат болса-12 жыл, одан да көп болған жағдайда кінәлі 15 жылға бас бостандығынан айырылады" деп атап өтті Меркель.

Ал Мәжіліс депутаты Рамазан Сарпеков болса, адам өліміне соқтырған мас жүргізушілердің әрекетін қасақана адам өлтіру деп бағалауды ұсынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети