Мәсімов араға төрт жыл салып, Twitter желісінде қайтадан жазба қалдыра бастады

16 Маусым 2016, 11:54
0
Мәсімов араға төрт жыл салып, Twitter желісінде қайтадан жазба қалдыра бастады - Мәсімовтің Twitter желісіндегі парақшасы
Мәсімовтің Twitter желісіндегі парақшасы

Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов араға төрт жыл салып, Twitter желісінде қайтадан жазба жаза бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Қазақстан үкіметінің басшысы Twitter желісіндегі оқырмандарына "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезіне бара жатқанын хабарлады.

Бір қызығы, Мәсімовтің бұған дейінгі жазбасы төрт жыл бұрын шыққан. Сол уақытта премьер-министр жақсы жаңалықты хабарлаған еді - Астана EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге құқық алған болатын.

Айта кетейік, Кәрім Мәсімов әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланатын. Алайда уақыт өте келе жазба қалдырмай кетті.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай