26 қаңтар 2020 16:34

"Майк Тайсон" деп айғайлаған украиналық боксшы қарсыласын тістемек болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© foxsportsasia.com © foxsportsasia.com

Украиналық боксшы Иван Редкач жартылай орта салмақта бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) кешінде америкалық Дэнни Гарсияны тістемек болды, - деп хабарлайды Vesti.kz


Украиналық боксшы Иван Редкач жартылай орта салмақта бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) кешінде америкалық Дэнни Гарсияны тістемек болды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Бұл жағдай тоғызыншы раундта болды. Редкач клинч кезінде америкалықтың иығына тісін батырды. "Ол "Майк Тайсон!" - деп айғайлады да мені тістеп алды. Маған тігіс салу керек деп ойладым", - деді Гарсия жекпе-жектен соң. Оның айтуынша, мұндай жағдай бірінші рет болған екен. 

Төреші мұны көрмеген секілді, жекпе-жек ары қарай жалғасты. Америкалық боксшы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (118:110, 117:111, 117:111) жеңіске жетті. Ол спорттық мансабында 36 жекпе-жекте жеңіске жетіп, екі рет жеңілген. Редкач болса 23 кездесуде жеңіске жетіп, бесінші рет тізе бүкті. 

Айта кетейік, Майк Тайсон 1997 жылы Эвандера Холифилдпен реванш кезінде құлағының бір бөлігін тістеп алған. Жекпе-жек сол жерде тоқтатылып, Тайсон шеттетілді және оған 3 миллион доллар айыппұл салынды. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети