30 қазан 2018 09:44

Медицина қызметкерінен шиномонтажшыға дейін. Астаналық тұрғынның өмірі жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек Facebook желісіндегі парақшасында қара жұмыс мамандығын таңдаған аудан тұрғындарына арналған айдарды іске қосқанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек Facebook желісіндегі парақшасында қара жұмыс мамандығын таңдаған аудан тұрғындарына арналған айдарды іске қосқанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біз сіздерді нағыз жұмыс мамандықтарын таңдаған аудан тұрғындарымен таныстыратын #нашижители айдарын іске қостық. Өйткені дәл осындай мамандардың арқасында біздің басымыз ештеңеге ауырмайды. Сәл бірдеңе бұзылып қалса бірден сантехникке, ағаш ұстасына, жүргізушілерге жүгіреміз. Ал қыстың қақаған аязында өз ісін жақсы білетін шиномонтажшыларды іздейміз. Амал не, қазіргі жастар медиакеңістікті қалыптастыратын стереотиптердің жетегінде. Интернет, ТВ және түрлі басылымдар бізге танымал бизнесмендер, банкир, мұнайшылар мен заңгерлер табысының тарихы туралы баяндайды. Кішкентай кезінен бері костюмдегі іскер адамның бейнесін көріп өскен өскелең ұрпақ оларды табыс пен бақыт белгісі ретінде жаттап алады. Алайда, әр адамның өз жолы бар екенін ұмытып жатады. Біздің бұл бағдарламадағы кейіпкерлеріміз өз сүйікті мамандықтары туралы және бұл салаға қалай келгенін айтып береді", - деп жазды Арман Тұрлыбек.

"Біздің бұл айдарымызды астаналық тұрғын Инна Шкрябова ашады. Өзі Целиноград қаласында дүниеге келген, қазір екі ұлды тәрбиелеп отыр. Иннаның айтуынша, оның көліктерге деген махаббаты бала кезінде пайда болды. Әсіресе әкесінің қасында көлігін жөндеуге көмектесіп жүргенде қызығушылығы одан ары артқан. Негізі өзі медицина мамандығын тәмамдаған. Мамандығы бойынша да, басқа да салаларда жұмыс істеп көрсе де, өзінінің жолы еместігін түсінген. Сөйтіп, шебер өзінің икеміне қарай өз таңдауын жасап, қазір ол өз таңдауын мақтан тұтады. Себебі немен айналысатыныңызды жақсы көруіңіз маңызды",- дейді әкім.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети