30 маусым 2014 13:05

Мектеп – директордың жеке бизнесі ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

 Социалистік қоғамнан капиталистік қоғамға көшкен соң нарық заманына тез бейімделген саланың бірі – білім саласы болды. Әу, дегеннен-ақ, ұстаздар қауымы мектептерде оқушылардан ақша жинауды тез-ақ меңгерді. Өйткені егемендік алған алғашқы жылдары мемлекет қаржы тапшылығына тап болып, ақша болмай, мектеп басшылары ата-аналарға қол жоюға мәжбүр болды. «Мектеп фонды», «сынып фонды» деген фондылар құрылды. Ол фондыға жиналған ақшаны ешкім бақылаған жоқ. Оның қай мақсатқа жұмсалғаны немесе кімнің қалтасында қалып жатқаны да қараңғы еді. Қаржылық қиыншылық артта қалса да, сол әдет әлі қалмай келеді. Бұған дейін де бұл мәселе «Алаш айнасында» талай көтерілген болатын. Бүгін аталмыш мәселеге қайта оралып отырмыз.

Мектеп оқушыларынан ақша жинауды былай қойып, бүгінде мектеп басшылары жұмысқа қабылдау үшін баға белгілеп алған көрінеді. Ел аузында айтылып жүрген сөздерге сенер болсақ, мектепке толық ставкамен жұмысқа тұру бағасы 1000 доллар. Ал еден жуушыларды жұмысқа алу 500 доллар деседі. Тіпті «жақсы» деген атаққа ие болған мектепке бала қабылдау да парасыз жүзеге аспайтын болды. Мұндай «қызметі» үшін сотталып жатқандары да баршылық (олар қолға түскендері ғана). Әйтсе де, мұндай келеңсіздік тоқтар емес.

Естеріңізге сала кетсек, оқу жылының басында Алматыдағы 162 мектеп-гимназияның директоры баласын бірінші сыныпқа бермек болған ата-анадан 400 АҚШ долларын талап етіп, қылмыс үстінде қаржы полициясының құрығына іліккен болатын. Ал өткен жылы Павлодарда облыстық кадеттік мектеп-интернатының директоры баланы оқуға қабылдау үшін ата-анасынан екі мың доллар талап етіп, пара алып жатқан жерінде құрықталды. Ал ағымдағы жылдың ақпан айында Шымкент қаласындағы №68 мектептің директоры мен оның орынбасары 310 мың теңге көлемінде пара алу кезінде қолға түсті. Оқу орнының басшылары параны азаматты зертханашы қызметіне жұмысқа алу үшін алған. Ал осы облыста Мақтарал ауданындағы №122 мектеп басшысы «еден жуушы етіп жұмысқа аламын» деп жергілікті тұрғыннан 80 мың теңге пара алған. Айта берсе, мұндай мысалдар еліміздің барлық аймағында да жетіп артылады.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети