10 қараша 2017 14:22

"Мен Байбектен келдім" деу керек. 500 теңгеге берілетін тамақ қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фотоколлаж © Tengrinews.kz Фотоколлаж © Tengrinews.kz

Бауыржан Байбектің "шетелдіктер Алматы мейрамханаларында 500 теңгеге дәмді тамақтана алады" деген мәлімдемесінен кейін қаланың тамақтандыру мекемелері әкімді қолдап жатыр. Кейбір тамақтану орындары тіпті жарнамалық науқанды да бастап кетті. 


Бауыржан Байбектің "шетелдіктер Алматы мейрамханаларында 500 теңгеге дәмді тамақтана алады" деген мәлімдемесінен кейін қаланың тамақтандыру мекемелері әкімді қолдап жатыр. Кейбір тамақтану орындары тіпті жарнамалық науқанды да бастап кетті. 

Осылайша, белгілі асханалардың бірі 500 теңгеге түскі ас ұсынып отыр. Тengrinews.kz тілшісі бұл ақшаға қандай тамақ ұсынылатыны және ол шынымен дәмді ма? Соны анықтады. 

Науқан ережелері бойынша, осы асханаға келіп "Мен Байбектенмін" деген құпия сөзді айту керек. Осыдан кейін келушіге 500 теңгеге тамақ пен бір шыны шай беріледі. Алайда бұл науқан бір күн - қарашаның 10 ғана жүреді. 

Асхана қызметкерлері тек бір тағамға ғана тапсырыс бере алатыныңызды түсіндірді. Ал гарнир, салат және сұйық тағамдар оған кірмейді. Ыстық тамақтан сіз фетучини бешбармағынан басқасының бәріне тапсырыс бере аласыз. Оның құны - 2290 теңге. 

"Мен Байбектенмін" құпия сөзін айтсаңыз, осындай тағам беріледі. Бұл манты, нан және бір шыны шай. 

Дегенмен, оның ақысына қызмет үшін 10 пайыз қосу керек. Сонымен 550 теңге. 

Мейрамхана қызметкерлерінің сөзінше, алматылықтар бұл науқанды жақсы қабылдап, құпия сөзді айтып, тамақтанып жатыр екен. Тіпті алдын ала үстелге тапсырыс беріп қоғандар да табылыпты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети