Мен ешқандай арнайы диетаны ұстанбаймын - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мен ешқандай арнайы диетаны ұстанбаймын - Назарбаев © Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі

Нұрсұлтан Назарбаев диета мен спорттық жаттығулар жайлы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін республикалық телеарналардың эфирінде Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық журналистердің сұрағына жауап берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев диета мен спорттық жаттығулар жайлы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін республикалық телеарналардың эфирінде Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық журналистердің сұрағына жауап берді.

Сұрақтардың бірі диетаға қатысты болды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысына өзін формада қалай ұстайтыны туралы сұрақ қойылды.

"Кімнен сұрасаң да, барлығының арықтағысы келеді. Арықтар да арықтағысы келеді. Жеке диета, ет жеу - зиян, май - одан да зиян", - деді Мемлекет басшысы, сонымен қатар, қалжыңдап: "Біз қазақпыз, етсіз болмайды ғой?", - деді.

"Менің қағидам - адамның ағзасы нені қаласа, соны жеу керек. Мен әрдайым айтамын, спортпен айналысу керек. Адам өзіне-өзі қарауы тиіс. Біз дені сау ұлт болуға тиіспіз. Мен білемін, біздің жастар соған ұмтылады. Мен ешқандай арнайы диетаны ұстанбаймын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Айта кетейік, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Түркия арасындағы қақтығыстан шығудың жолын ұсынып, кадр мәселесін қалай шешетіні туралы тәжірибесімен бөлісті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети