МС Сайлаубек Тиматиге "мәнді" жауап қайтарды

20 Маусым 2015, 17:29
0
МС Сайлаубек Тиматиге "мәнді" жауап қайтарды - ©budni.kz
©budni.kz

МС Сайлаубек Тиматиге "мәнді" жауап қайтарды. Оның жауабы бейнеленген видео Youtube ресурсындағы Life.kz арнасында жарияланды. 

Өз жауабында МС Сайлаубек бір топ адамның ортасында отырып, Ресейдің танымал жұлдызына орысша сөз арнайды. Бастапқыда әңгіме құрып отырып сөйлеген ол соңында бірнеше рет ұйқасатын тіркестерді айтады. "Бұл аймақтың өз заңы бар, сен мұнда бекер келдің, Түн сені жасыра алмайды, Өліммен ойнаудың қажеті жоқ", - дейді ол. Айта кетейік, Интернетте бұл рэп сөзінің 90-жылдары шыққаны жайлы мәлімет бар.

Еске салайық, осыған дейін Ресейдің жұлдызы Тимати МС Сайлаубекке әзіл-шыны аралас видеожолдау жасаған болатын. Бұл видео желіде бір апта ішінде жүз мыңнан аса көріліп, Интернет қолданушыларының арасында дүрлігу туғызған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай