МС Сайлаубектің әндерін Ресей жұлдыздары да айта бастады

12 Маусым 2015, 06:29
1
МС Сайлаубектің әндерін Ресей жұлдыздары да айта бастады - © instagram.com/azabraza1984
© instagram.com/azabraza1984

МС Сайлаубектің әндерін Ресей жұлдыздары да айта бастады. Бұл видеоны Instagram желісіндегі өз парақшасына "Камызяки" КТК (КВН) командасының капитаны, "Универ" сериалының актері Азамат Мұсағалиев жүктеді. 

Сонымен қатар, Азамат таяуда Астанада қазақстандық КТК ойыншыларымен бірге түскен суретін жариялады.

МС Сайлаубек осы жылдың басында YouTube порталында шыққан видеодан кейін Қазнет жұлдызына айналды. Мас күйде тек өзіне түсінікті тілде рэп оқыған ер адам жайлы роликке оның тыңдармандары ғана емес, эстрада жұлдыздары да еліктей бастады. Осы уақытқа дейін рэпердің айтатын түсініксіз сөздеріне кәсіби рэперлердің өзі кавер-нұсқа жазып үлгерді. Тіпті Италия әншісі Сон Паскальмен бірігіп ән де орындады. Оның әндеріне Шымкентте флешмоб та биленді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай