Мұрат Мұтырғанов жаңа туылған ұлы мен палатада жатқан әйелінің суретін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мұрат Мұтырғанов жаңа туылған ұлы мен палатада жатқан әйелінің суретін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мен әке атануға осыдан 7 жыл бұрын дайын болдым, бірақ өз адамымды кездестірген жоқпын. 2014 жылдың ақпанында арманыма жеттім! Менің Алесиям әлемдегі ең ғажап адам!", - деп жазды ол ВКонтакте парақшасында.
Мұтырғанов әйелінің босану сәті туралы кейінірек айтып беретінін мәлімдеді. Ол әйелі босанған кезде қасында болғанын айтты. Осыған дейін Tengrinews.kz тілшісі Мұтырғановтың әке атанғанын хабарлаған болатын.
Мұрат Мұтырғанов пен Алеся Тимошенко өткен жылы 1 қыркүйекте үйленді. Үйлену тойы Алматыда туған-туыс, әріптестер мен жақын достардың ортасында өтті. 30 жастағы Мұрат Мұтырғанов қалыңдығымен 2014 жылы ақпанда ортақ достары арқылы танысқан. Келін бала жарнама агенттігінде жұмыс істейтіндіктен дәл қазіргі уақытта Мұрат жұмыс істеп жүрген жануарлар саябағын жарнамалаумен айналысқан. Мұрат Мұтырғанов сүйгеніне үйлену туралы ұсынысты Алматыдағы кинотеатрлардың бірінің экраны арқылы тамыз айында жасады.