Мысырда президенттің суретіне Микки Маустың құлағын салған студент сотталды

20 Желтоқсан 2015, 10:30
0
Мысырда президенттің суретіне Микки Маустың құлағын салған студент сотталды - © Lifenews.ru
© Lifenews.ru

Мысырлық студент Амр Ноэн (Amr Nohan) Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында ел президенті Абдель Фаттах ас-Сисиге Микки Маустың құлағы бар суретін жария еткені үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды РИА Новости агенттігі Daiy Mail газетіне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Ноэн Мысырдың қарулы күштерінің офицеріне лайық емес іс жасады деп айыпталған сәтте әскердегі борышын өтеп біту мерзімінің аяқталуына бес күн қалған. Алайда бұл жалғыз айыптаулар емес, сонымен қатар, мемлекетке қарсы бірнеше комментарий қалдырды деп те айыпталып отыр. Мұны құқыққорғаушылар "мемлекеттік қызметкерлерге тіл тигізу" деп бағаланды.  

Қазіргі уақытта Ноэг "Борг Эль Араб" түрмесінде, бұл түрмеде 2013 жылы биліктен кеткен бұрынғы президент Мұхаммед Мұрси да жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай