16 қазан 2014 16:50

Наразы жүргізуші эвакуаторға тиелген көлікте бір тәулік отырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Mazda жүргізушісі Константин Алтухов. ©Vesti.ru Mazda жүргізушісі Константин Алтухов. ©Vesti.ru

Жүргізуші наразылық белгісі ретінде тәулік бойы эвакуаторға тиелген көлікте отырды, - деп хабарлайды Вести.ru.


Жүргізуші наразылық белгісі ретінде тәулік бойы эвакуаторға тиелген көлікте отырды, - деп хабарлайды Вести.ru.

15 қазанда күндіз Mazda шағын пикапының иесі Константин Алтухов рұқсат етілмеген жерге көлігін қойып, азық-түлік сатып алуға кетіп қалған, ал келгенде көлігі эвакуаторға тиеліп тұрыпты. Ер адам өз көлігіне отырып үлгереді. Эвакуатор жүргізушісі Алтуховты байқамай, белгілі бір қашықтыққа дейін барып қана тоқтаған. Оқиға болған жерге келген полиция мәселені шеше алмады. Осылайша Мәскеуде жүргізуші наразылық белгісі ретінде эвакуаторға тиелген көлігінде түнеп шығуға қалып қойды.

Мәскеудегі жүргізуші көлікті заңсыз қойғаны үшін айыппұл төлеуге дайын екенін, бірақ эвакуатор қызметіне ақша төлемейтінін мәлімдеді. Осылайша наразылық белгісі ретінде ол тәулікке жақын уақыт бойы өз көлігінде отырды. Сонымен қатар, Алтуховты қолдау үшін басқа жүргізушілердің азық-түлік пен су әкеліп бергені айтылды.

Адвокат Владислав Кочерин Мәскеудегі жүргізушінің әрекетіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, ішінде адамы бар автокөлікті эвакуациялау заңсыз, сондықтан бұл заң бұзушыны жазалау емес, құқықбұзушылықты тоқтатуды талап ететін жағдай. "Заңнамаға сәйкес эвакуациялауға құқықбұзулышықты тоқтату мақсатында рұқсат етіледі, соның ішінде ереже бұзу мен көлікті қою кезінде. Бірақ құқықтық нормаға сәйкес, мұндай шара тек тоқтау себебін жоюда қолданылады. Сәйкесінше, бос немесе иесі басқа жерге қоюға қарсы болған жағдайда, яғни ұстау себебін басқаша жоя алмағанда эвакуациялауға болады", - деді Кочерин. Нәтижесінде мәскеулік жүргізушіге үш мың рубль көлемінде айыппұл тағылды. Эвакуатор қызметінің төлемі есептелмеді. Ер адамды сотқа шақырту қағазы рәсімделіп, көлігі эвакуатордан түсірілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети