05 наурыз 2014 10:23

Наурыз мерекесінде Қызылордада енелер мен келіндер жарысы өтпек

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

22 наурызда Қызылорда қаласының ең үздік мейрамханалары наурыз көже жасаудан жарысып, орталық алаңда қала тұрғындарын көжеге қарық қылмақ деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Мереке қарсаңында "Асыл ана – келінге пана" атты енелер мен келіндер байқауы өтеді. Сондай-ақ Қызылорда қаласында жас күйшілердің, ақындардың, қолөнер шеберлерінің байқауы және басқа да бірқатар шығармашалық шаралар өткізу жоспарланып отыр. Мереке соңында мектеп оқушылары арасында әкімнің арнайы жүлдесі үшін футболдан кубок өтпек. Сонымен қатар "Ана көрген тон пішер" деген тақырыпта қыздар мен аналар арасында қолөнерден сайыс ұйымдастырылмақ. Арнайы акция аясында оқушылар қараторғайларға арналған ұя жасап оны Оқушылар сарайының, Қайырымдылық үйлерінің маңына ілуді жоспарлап отыр. Естеріңізге сала кетейік Наурыз мерекесіне орай барша қазақстандықтар 5 күн демалады. Демалыс 21-25 наурыз аралығына дейін созылмақ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети