04 наурыз 2016 15:05

Назарбаев айтқан тәмсіл әйелдердің көзіне жас алдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз қарсаңында әйелдермен "Көктем шуағы" атты дәстүрлі кездесуінде тәмсіл айтып берді, - де хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз қарсаңында әйелдермен "Көктем шуағы" атты дәстүрлі кездесуінде тәмсіл айтып берді, - де хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жас бала бір бойжеткенге ғашық болыпты. Құдай сондай химияны жібереді ғой, көзіңді соқыр етіп, содан ештеңені де көрмейсің. Жігіт сондай болыпты, қыз да әдемі, жақсы болыпты, бірақ талапшыл екен. Сол кезде ол жігіттің сүйетінін дәлелдеуін талап етіп, анасының жүрегін алып келіп бер деген екен. Сонда ғана сенемін депті. Ол таңғалыпты. Сөйтіп, үйінде мұңды болып отырса, одан анасы не болғанын сұрапты. Баласының күйзеліп отырғанын көрген анасы далада серуендеп келуге ұсыныс жасайды. Анасы "соншалықты осындай қызға қалай ғана ғашық болып қалдың екен?" деп сұрайды. Баласы үн қатпайды. Сол кезде анасы жүрегін алып, баласына беріпті. Сол кезде баласы анасының соғып тұрған жүрегін алақанына алып, қызға қарай бет алыпты. Кенет сүрініп, құлапты. Сол кезде анасының жүрегі "Тізеңді жаралап алмадың ба? Ауырмады ма?" деп сұрапты да, сол бетте соқпай қалыпты. Сол кезде ол түсініп, жүректі алып, анасына қайта апарып береді. Анасы тіріліп кетеді. Сонда ғана баласы кімді жоғалтып ала жаздағанын түсініпті. Ол өзін қатты жақсы көретін жүректі жоғалтып алар еді", - деп әңгімеледі Президент.

Кездесуге Мемлекеттік хатшы, Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Г.Әбдіқалықова, Парламент Сенатының депутаты Б.Әйтімова, Экономикалық интеграция министрі Ж.Айтжанова, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарушы директоры М.Егімбаева, шаруа қожалығының басшысы Т.Құшманова, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры Р.Боранбаева, "Қазақ оюлары" ЖШС директоры Т.Елекбаева, жиһаз фабрикасының басшысы Е.Левина, Қарағанды облысындағы "Мұрагер" мамандандырылған мектеп-интернатының директоры М.Нұрмағанбетова, "Қазақ қызы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Қ.Әбден, әнші Т.Жанқұл, "Деловой мир Астана" ЖШС директоры, бас редакторы Ш.Сыздықова, ақын А.Дәулетбаева, көпбалалы ана Ж.Байжолдинова, "Астана Опера" театрының солисі Ж.Ғабдуллина, "Астана Балет" театрының бас режиссері М.Абубахриева, биолог ғалым Д.Қанаева, ауылдық округ әкімі П.Оралбаева, "Отырар сазы" Мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің бас дирижері, актриса Д.Тілендиева, зымыранды артиллериялық кеме әскери бөлімінің радио байланысшысы Ж.Ыбыраева, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жөндеу-механика цехының темір кесушісі А.Кенесарина, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданындағы "Жастар бастамасы орталығының" басшысы Е.Данилова, ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген шебері Ж.Жаппарқұл, актриса Д.Бақтыбаева, студент Л.Митрохина қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети