07 қараша 2016 13:14

Назарбаев туралы ұйқассыз өлең Қазнетті таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Нұрсұлтан Назарбаев туралы ұйқассыз тақпақ Алматы тұрғынын таңдандырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрсұлтан Назарбаев туралы ұйқассыз тақпақ Алматы тұрғынын таңдандырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Назарбаев туралы тақпақ жарияланды. "Шығарма" Желі пайдаланушыларын да, осындай тапсырманы алған баланың әкесін де таңдандырған.

"Баламыз бес жаста. Мен балабақшаға шағымым жоқ, бірақ бізге осы тақпақты берді. Тәрбиеші мұның бағдарламада барын айтты, мен авторын сұрап едім, сол күйі оны айтпай кетті. Мені тақпақтың көркемдігі таңғалдырды. Біраз дауластық, сосын басқа тақпақ берді", - дейді баланың әкесі Алексей Цой.


Скриншот әлеуметтік желіден

Оқиға Алматының жекеменшік балабақшаларының бірінде болған. Бұл жайтқа байланысты Алматының Білім беру басқармасының өкілдері түсінік берді. Ведомстводағылардың мәліметінше, тәрбиеші оны Интернеттен тауып алған. 

"Бұл тақпақ біздің бағдарламада жоқ. Жекеменшік балабақшаның жетекшісінің айтуынша, жас тәрбиеші оны Интернеттен алған. Әдіскермен де, ешкіммен де келісілмеген, ешкімге көрсетпеген тақпақты баланың ата-анасына берген. Қазір бәрі анықталды, тақпақ баладан алынды", - дейді Білім беру басқармасының мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің жетекшісі Әлия Сәдиева. 

Сонымен бірге, ведомство өкілдері бұдан былай балабақша жетекшілігі өз педагогтарына зер сала қарайтындығын айта кетті. 

"Біз тікелей қадағалау жасай алмаймыз, дегенмен мемлекеттік болсын, жекеменшік болсын, бәріне стандарт бір. Сол себепті біз қазір балабақша жетекшілігімен сөйлестік, олар енді педагогтарына зер сала қарайтын болады. Ұжымда қандай да бір жауапкершілік болатын шығар. Олар мұны педагогтың тым жас екендігімен түсіндірді", - деді Сәдиева.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети