04 қараша 2016 10:40

Назарбаевтың 22 жыл бұрын ғарышкерлермен бірге түскен суреті жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақорданың баспасөз қызметі Ақорданың баспасөз қызметі

Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаетың ғарыштағы сапарынан кейін Талғат Мұсабаевпен бірге түскен суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сурет Ақорданың Facebook желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

2016 жылдың 4 қарашасында екінші қазақ ғарышкерінің Жерге оралғанына 22 жыл болады екен. "1994 жылғы 4 қарашада қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев ғарыштағы "Мир" орбиталық стансасында болған сапарын аяқтап, Жерге оралды. Ол 1994 жылғы 1 шілдеде "Союз ТМ-19" ғарыш кемесінің бортинженері ретінде ғарышқа ұшқан болатын. 125 тәулік 22 сағатқа созылған сол сапарында ол ашық кеңістікке шыққан алғашқы қазақ перзенті болды", - делінген баспасөз қызметіндегілердің хабарламасында.

Сондай-ақ, сол күні Мемлекет басшысының сапарын сәтті аяқтаған үш ғарышкер - Талғат Мұсабаевты, Юрий Маленченконы және Ульфа Мербольдті Торғай өңірінде салтанатты түрде қарсы алғаны айтылады. "22 жыл бұрынғы сол тарихи сәттен түсірілген фотосуретті бүгін фейсбук пайдаланушылары назарына ұсынып отырмыз", - деп жазды Ақорданың баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети