20 наурыз 2016 11:00

Назарбаевтың қостанайлық егізі сайлауға түнгі ауысымнан кейін келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президентінің егізі Сәрсенбай Доданов Мәжіліс пен мәслихат сайлауында дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қостанай тұрғыны сайлауға түнгі ауысымнан кейін келді.


Қазақстан Президентінің егізі Сәрсенбай Доданов Мәжіліс пен мәслихат сайлауында дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қостанай тұрғыны сайлауға түнгі ауысымнан кейін келді.

Сәрсенбай Доданов "ҚТЖ ҰК" АҚ-да диспетчер болып қызмет етеді және 20 наурызға қараған түні жұмыста болған. Осыған қарамастан, ол сағат 9.30-да жұбайы Ғайнижамалмен бірге сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.

"Маған ұйықтап алып, сайлауға түстен кейін немесе кешке баруға болады дегендер болды, - дейді Сәрсенбай Молдақышұлы, - Олай істеуге бола ма? Қалай дегенмен Парламент Мәжілісін сайлап жатырмыз. Бұған жауапкершілікпен қарау керек. Сондықтан, бүгінгі таңда бірінші шаруа - дауыс беру, қалғаны кейін".


© Tengrinews.kz

Айта кетейік, Додановтың Мемлекет басшысына ұқсайтыны Назарбаев президент болып тұңғыш рет сайланған күннен бастап айтылған және әлі күнге дейін айтылып келеді. Ол "Астана.KZ" КВН командасы оны ойынға қатысуға шақырғаннан кейін танымал бола бастады. Осыдан кейін ол Президент жайлы фильмдерде оны сомдап, 2006 жылы Елбасымен кездесіп, бірер минут тілдесіп, қол алысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети