31 желтоқсан 2015 16:51

Назарбаевтың сыйлығы оралдық қызға жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаевтың сыйы батысқазақстандық қызға жетті. Виктория Харлашина шығармашылыққа арналған Doh Vinci жиынтығын алып, қазақстандықтарға Президент жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрсұлтан Назарбаевтың сыйы батысқазақстандық қызға жетті. Виктория Харлашина шығармашылыққа арналған Doh Vinci жиынтығын алып, қазақстандықтарға Президент жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Президенттің өте қайырымды екенін білемін, ол Қазақстанда соғысты болдырмайды, бәріміз бейбіт әрі достықта өмір сүреміз", - деді Виктория Аяз Атадан сыйлығын ала отырып.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Аяз атаға хат жаз" жобасын қолдады, оның аясында кез келген адам таңдаған хатын алып, бала арманын орындай алды. Бұл жобаны "Қазпошта" (Kazpost) ұйымдастырған. "Нұрсұлтан Назарбаев батысқазақстандық Виктория Харлашинаға шығармашылыққа арналған Doh Vinci жиынтығы мен жас суретшілер энциклопедиясын сыйлады, ал Солтүстік Қазақстан облысындағы отбасылық үлгідегі интернат үйінің тәрбиеленушілеріне музыкалық орталық пен қазақ жазушылары кітаптарының жинағын тарту етті", - деп жазды Абаев Ақорданың Facebook желісіндегі ресми парақшасына.


Ақорда/Facebook

"Акция қандай жағдай болмасын қазақстандықтардың бауырмал болып қала беретінін және көмекке мұқтаждарға көмектесуге дайын екендерін көрсетіп берді деп ойлаймын. Бүкіл ел бойынша жүздеген адам жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалардың, мүгедек және жетім сәбилердің тілегіне үн қатты. Мемлекет басшысы өз әрекетімен бірінші кезекте сондай адамдармен тілектес екенін білдірді, сонымен қатар, жарқын мереке Жаңа жылда жас қазақстандықтардың тілегіне бей-жай қарамайтынын көрсетіп, үлгі болды", - деді Дәурен Абаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети